Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Медиация рәсімінің нәтижесінде ерлі-зайыптылар некені бұзудан бас тартты

Медиация рәсімінің нәтижесінде ерлі-зайыптылар некені бұзудан бас тартты

Сырдария аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиативтік келісімді бекітіп, тоқтатты.

Талап қоюшы Қ. талабында, жауапкер А-пен заңды некеде тұратынын, ортақ некеден кәмелетке толмаған төрт балаларының барын, араларында өзара түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың жоғалуына байланысты жауапкермен некелік қатынастың үзілгенін, татуласудың мүмкін еместігін, мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, осыған орай араларында тіркелген заңды некені бұзуды сұраған.


Судья тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен соң тараптар дауды медиациямен шешуге келіскендерін айтты.

Осы аралықта тараптар кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.

Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.

М.Асан, Сырдария аудандық
сотының баспасөз хатшысы
Фото: Н.Нұржаубай

14 қаңтар 2021 ж. 832 0