Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Медиация тәртібімен некесін сақтап қалды

Медиация тәртібімен некесін сақтап қалды

Сырдария аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы Е. жауапкердің өзін сыйламайтынын, отбасына көңіл бөлмейтінін, бұдан әрі отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсеткен.

Судья тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен соң, тараптар дауды медиациямен шешуге келіскендерін айтты. Аталған келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкермен отбасын сақтап қалғысы келетінін, неке бұзу туралы талабынан бас тартатынын көрсетті.



Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

05 желтоқсан 2020 ж. 825 0