Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Сырдария аудандық сотында 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Сырдария аудандық сотында 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Сырдария аудандық сотында бір күнде 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Бұл істер талап қоюшылардың пайдасына 3 жауапкерден қарыз ақшаны өндіру жөніндегі азаматтық істері.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

Тараптарға медиациялық келісімді жасаудың құқықтық салдары түсіндірілген.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 277 бабының 6) тармақшасында, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады делінген.

Сондықтан осы заң талабына сәйкес, сот азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық істерді сот өндірісінен тоқтатты.

Төленген мемлекеттік баж сомалары талап қоюшыларға қайтарылды.

Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы 

08 желтоқсан 2020 ж. 795 0