Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде

Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде

Білім саласында пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Онда ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасып, соның нәтижесінде оқушыларға сапалы білім береді. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің қатарында пән апталықтарын өткізу бар. Осы орайда, №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектепте апталықтар өткізу үрдіске айналған. Мәселен, «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында қашықтан математика, информатика және физика пәндерінің апталығы өткізіліп, онда оқытудың заманауи тәсілдерін қолданылған. Сол арқылы оқушылардың ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.

Апталықтың ашылуында «Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында оқыту сағаты ұйым­дастырылған. Тәжіри­бе­лі ұстаздар Тұрсынкүл Қанафина, Мұрат Қай­мол­даев, Нұрсұлтан Есжанов оқу­шыларға нақты ғылым­дардың өмірге қажеттілігін ұғындыра оты­­рып, логикалық тапсыр­малар берді. Ал жас мұғалімдер Айнұр Қайбылдаева, Батыржан Найманов, Сырым Анафияев мектеп оқу­шыларымен онлайн форматта математика, информатика және физика пәндері бойынша түрлі деңгейдегі тап­сырмаларды орындады. Келесі кезекте математика пәнінің мұғалімі Гүлзат Зұлхарнаева «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбындағы ашық сабақты «Zoom» платформасымен өткізді. Мұғалімнің тақырыпты ашу барысында қолданған әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әрі тақырыпты ашуға ыңғайлы болды. Соның ішінде, оқушылардың зейінін анықтау үшін «Миға шабуыл» стратегия­­сы нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ «Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбындағы Мәрзия Ағатаеваның сабағында теңдеулерді шешудің түрлі әдіс-тәсілдері қолданылды.


Мектептің физика пәні мұғалімдері де оқушыларға заттардың қасиеті мен қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым­ды үйретті. Атап айтқанда, физика пәнінің мұғалімі Үміт Жандарбекова «Жұлдызды сағат» тақырыбында сы­нып­­тан тыс іс-шара және «Инерция құбы­лысы» тақырыбында ашық са­бақ өткізді. Ал Дана Ашықбаева «Айныма­лысы бар өрнек» тақырыбындағы оқыту са­ғатында оқушыларыдың функцио­налды сауаттылығын арттыруға бай­­­ла­­ныс­­ты көптеген тапсырмаларды орын­датты. Оған қоса физика пәнінің мұғалімі Гүлмира Нұрханова ұйым­дас­тыр­ған «Математикалық квест» ло­­­гикалық ойын сайысы жаңаша үлгіде өтті. Онда оқушылардың білімділігімен көзге түсті. Осындай біліктілік сабақтарында белсенділік таныт­қан оқушылар «Алғыс хат» пен серти­фикатқа ие болды.

Апталық барысында мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс ретінде негізінен «Kundelik.kz», «Bilimland», «Zoom» платформалары қолданылды. Бүгінде карантиндік шектеулерге байланысты білім ошағының кейбір сыныптары сабақты қашықтан оқуға көшкен. Соған қарамастан оқушылардың білім игеруге деген құштары зор.

Жұлдызай АНШАЕВА

12 қаңтар 2021 ж. 809 0