Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Биыл Қызылордада 76 тұрғын үй салынады

Биыл Қызылордада 76 тұрғын үй салынады

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 10,5 млрд. теңге бөлінді.Қомақты қаржыға 1572 пәтерлік 76 тұрғын үй тұрғызылатын болады. Қазіргі таңда 487 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Оның 211-і Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда орналасқан.

Халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған отбасыларға арналған 342 пәтер сатып алуға бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді.Баспананың 192-сі қала, қалғаны аудан тұрғындарына беріледі.

Жалға берілетін 1020 пәтерді құрайтын 95 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Мәселен, Шиеліде - 72 пәтерлі 4 тұрғын үй, Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 үй, Сырдария ауданында - бір пәтерлі 33 үй,Қызылорда қаласында 590пәтерлі 12 тұрғын үй.

Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

07 қаңтар 2021 ж. 845 0