Қызылордада 6400 тұрғын үй салу жоспарлануда
Биыл І тоқсанда 922 жеке үй пайдалануға берілді. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 47 жоба іске асырылып, 1385 адам жұмыспен қамтылады.Сондай-ақ, кредиттік 873 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 22 жоба қарастырылған. Жыл соңына дейін 680 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл ретте баспана құрылысына 825 адам жұмысқа тартылады.
Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 17 жобаны іске асыру. 193 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол жобаларды іске асыру үшін 301 адам жұмыспен қамтылады.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 309 тұрғын үй қарызына 3 млрд. теңге қарастырылып отыр.
Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 8 жоба іске асырылады. Аталған жобалар бойынша 259 жұмыс орны ашылады.
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің ресми парқашасынан алынды