Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанның күнтізбесінде жаңа мереке пайда болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен архившілер күні белгіленді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Үкімет қаулысының толық мәтіні төмендегідей:
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:
«48. Архивші күні – 22 желтоқсан».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
06 қаңтар 2021 ж. 495 0