Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

54 газет

16 шілде 2019 ж.

53 газет

13 шілде 2019 ж.

№52 газет

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Үкімет басшысының 28 наурыздағы тиісті қаулысы "Әділет" нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. 

Қазақстан күнтізбесіне жаңа кәсіби мереке енгізілді. 11 қараша Энергия үнемдеу күні болып белгіленді.
ҚР Үкіметі ҚР “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 4-бабына сәйкес ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 “Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізуді қаулы етті.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің көрсетілген қаулымен бекітілген тізбесі мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын: “42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша”. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, – делінген Асқар Мамин қол қойған қаулыда.

Еске салайық, 2018 жылдың қараша айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Қазақстанда 11 қарашаны Энергия үнемдеу күніретінде бекіту туралы бастама көтергені хабарланған еді.

Келесі жылдан бастап энергия үнемдеуді насихаттау үшін кешенді бағдарламаны іске қосқалы отырмыз. Сонымен бірге Халықаралық энергия үнемдеу күніне (11 қараша) Қазақстанда кәсіби мереке мәртебесін беруді көздеп отырмыз. Бұл үшін 11 қарашаны Қазақстан Республикасындағы мереке күндері тізіміне енгізу бастамасын көтердік, – деген еді ведомствоның Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев Астанада өткен форум барысында.

baribar.kz

04 сәуір 2019 ж. 134 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам