Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ұстаздар мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысы артады

Ұстаздар мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысы артады

Президенттің ұстаз мәртебесін көтеруге арналған тапсырмасына сәйкес мұғалімдердің жалақысы тағы да артты. Яғни 1 қаңтардан бастап барлық ұстаздардың жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұл жолы тек мектеп мұғалімдері ғана емес, балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындары мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр.

Сондай-ақ, біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша ала алады. Ал, пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін, тәлімгерлік жасағаны үшін қосымша ақы төленеді. Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастады.

Қызылорда облысында өткен 2020 жылы барлық ұстаздардың 55 пайызының еңбекақысы артқан. Оның ішінде магистрлік дәрежесі үшін қосымша ақы алған ұстаздар да бар.

Айта кету керек, Сыр елінде 30 мыңнан аса педагог қызмет етеді. Балабақшада 5912педагог, мектепте 22222 педагог, колледждерде 2176 педагог жұмыс істейді.


Фото: Ашық дереккөзден

06 қаңтар 2021 ж. 749 0