Бүгін – Ұстаздар күні
Қазақстанда бүгін Ұстаздар күні аталып өтуде.
1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам елінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдердің төл мейрамы болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.
Ұстаз – қасиетті мамандық иесі. Бүгінде еліміздің білім беру саласында реформа жүргізіліп жатыр. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін "Педагог мәртебесі" туралы заң қабылданды.
Биыл қаңтардан бастап ұстаздардың жалақысы 25 процентке өсті. Бірінші қыркүйектен дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін үстемеақы екі есеге ұлғайды. Жалпы 1-2 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есе артатын болады.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл барлық мамандықтың ішіндегі ең жоғарғы стипендия.
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілсе де, "Педагог мәртебесі туралы" заңнан кейін, осы мамандыққа деген қызығушылық артқан. Мәселен, осы жылы "Алтын белгі" иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандардың саны 1,7 есе өсті.
Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстанда республикалық "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары марапатталады. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты.
Осы жылы республика бойынша 64 ұстаз үздік атанды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оларға төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табыстады.
Айта кетсек, республикалық "Үздік педагог" байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Сегіз жылдың ішінде 432 мұғалім осы атаққа ие болды.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайының жанынан Ұстаздар аллеясы ашылды.