Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауыл мұғаліміне 200 мың теңге қандай жағдайда төленеді?l

Ауыл мұғаліміне 200 мың теңге қандай жағдайда төленеді?l


Түрлі үстемақылармен қоса есептегенде, ауылдық елді мекен мұғалімдерінің де жоғары жалақы алуға мүмкіндіктері бар. ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мұғалімінің жалақысы қандай жағдайда 200 мың теңгеге жетуі мүмкін екенін түсіндірді.
"Болжаммен есептесек, ауыл мұғалімі 200 мың теңгеден артық ала алады. Мәселен, оның жалақысы – 103 мың теңге. Егер оның сыныптары болса, дәптер тексерсе, зиянды заттармен жұмыс істесе, қосымша 27 мың теңге төленеді. Жаңартылған білім мазмұны үшін тағы 30 мың теңге қосылады. "Шебер педагог" атағын алса, жалақының 50 проценті тағы бар. Ағылшын тілінде оқитын сыныптарға сабақ берсе, қосымша 35 мың теңге төленеді. Сонда оның жалақысы болжаммен 235 мың теңгеден асып отыр. Әрине, мұның бәрі ұстаздың санатына, жетістіктеріне байланысты есептеледі", — деді Аймағанбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ол қала мен ауыл мұғалімдерінің жалақысы әртүрлі екенін, сондықтан білім саласында еңбекақы туралы сөз қозғағанда, нақты ұстаздың еңбек өтілін, санаты мен басқа да жетістіктерін ескеру керектігін атап өтті.




28 қыркүйек 2018 ж. 1 135 0