Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нақты істердің партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды

Нақты істердің партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды

Нақты істердің партиясы «Nur Otan»-ның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын сайлаушыларға түсіндіру мақсатында бүгін  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Геннадий Шиповских, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Еркебұлан Жақып, Сламбек Қаюпов, Ақтөре Ибрагимұлы  Қоғалыкөл және Шаған ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында бірқатар кездесу өткізді.

Іс-шаралар карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Біз алдымен еңбек ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Қ.Рүстемовтің шаңырағында болды. Ардагер сайлауалды бағдарламамен танысқанын айтып, партияның жоспарлары мен жобалары халықтың көңілінен шығатынын атап өтті. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының жалғаса беретініне ризашылығын білдірді.

– Біз сайлауалды бағдарламаны қалыптастыру барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірін ескердік. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында алдағы бес жылда ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Алдағы уақытта халықтың пікірлерін жинақтап, жүйелі жұмыстарға иек артамыз. Ең алдымен ел тұрғындарының әл-ауқатының жақсарту басты назарда, – деді ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Геннадий Шиповских.


Кездесу барысында ауыл ақсақалдары үміткерлерге ақ батасын беріп, алдағы науқанға сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
05 қаңтар 2021 ж. 409 0