Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы аналармен кездесті

Көпбалалы аналармен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Е.Жақып пен Қ.Ерманов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында көп балалы аналармен кездесті. Аудандық партия филиалынан партиялық тізімге енген кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын көпбалалы аналарға түсіндіріп, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

– Азаматтардың әлеуметтік әл – ауқаты- өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салып келеміз. Оның ішінде көп балалы авналардың денсаулығы басты назарда, – деді Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қ.Ерманов. Сонымен бірге аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Е.Жақып сайлаушылардың талап тілектерін тыңдады.


Айта кету керек, Сырдария ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат С. Сұлтанов саулаушылардың үйлеріне барып, өзара пікір алмасты.  

Өз кезегінде көпбалалы аналар партияның әркез қолдау көрсетіп жүргеніне ризашылықтарын білдірді.



«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді

18 желтоқсан 2020 ж. 386 0