Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

Ауыл тұрғындарына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

Бүгін Сырдария ауданынан «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат С.Сұлтанов «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлаушылардың үйлерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. 10 қаңтар күні партияға дауыс беруге шақырды.


– «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл - Ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырылады. Нәтижесінде аудан тұрғындары сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында игілікті істерді жүзеге асыру негізгі мақсат, – деді Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат С.Сұлтанов.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат С.Сұлтановқа Шіркейлі ауылының тұрғындары алдағы науқанға сәтттілік тілеп, ақ батасын берді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді



14 желтоқсан 2020 ж. 530 0