Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Үміткер ардегерлер үйіне барды

Үміткер ардегерлер үйіне барды

Бүгін Канвассинг жобасы аясында «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Есназар сайлаушылардың үйлеріне барып үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында сайлауалды бағдарлама насихатталып, партияның басты міндеті тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бойынша жұмыстар жүргізу екендігін түсіндірді. Сонымен қатар 2021 жылдың 10 қаңтардағы сайлауда партияны қолдап, дауыс беруге шақырды.

– Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.

Біздің бағдарламамыз Сырдария ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аудан ететін нақты шаралар ұсынамыз, – деді «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Есназар.

Өз кезегінде сайлаушылар «Nur Otan» партиясының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, кандидатқа ақ батасын берді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді


22 желтоқсан 2020 ж. 780 0