Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сауапты іске жұмылды

Сауапты іске жұмылды

Қайырымдылық −  сауапты іс. Ауданның құқық қорғау саласының қызметкерлері сауапты іске жұмылуды дәстүрге айналдыруда.

Полиция бөлімінің басшысы өзі бас болып, сала ардагерлерінің хал-жағдайын үнемі назарда ұстайды.

Жақында полиция ардагері Галадин Жұбанов бөлім басшысы Н.Ибраевтың атына өтініш түсірді. Өтініште ардагер I топ мүгедек екенін, Алматы қаласына ота жасатуға баратынын айтқан. Қажетті ем-дом алу үшін материалдық көмек беруін сұраған. Жаңа жыл қарсаңында сала ардагерінің сұранысына сәйкес, бөлім қызметкерлері бір ауыздан көмек көрсетті.

− Ауданның құқық қорғау саласында ұзақ жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Г.Жұбановтың деніне саулық, ұзақ өмір берсін деген ниеттеміз.

Аман-есен отаны жасатып, отбасына оралуына, қуанықша кенелуіне тілектеспіз, –дейді бөлім бастығы..

Бибісара ЖАНӘЛІ
29 желтоқсан 2020 ж. 439 0