Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындары үміткерге сенім білдірді

Ауыл тұрғындары үміткерге сенім білдірді

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттағына кандидат Г.Махамбетова Қалжан ахун ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттағына кандидат Г.Махамбетова ауыл тұрғындарына сайлауалды бағдарламаны насихаттады. Сонымен бірге 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын бірауыздан қолдауға шақырды.

– Алдағы уақытта 9 көшені жарықтандыруға 2021 жылы Тереңөзек кенті, 2022 жылы Қалжан-ахун, С.Сейфуллин, Айдарлы, 2023 жылы Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл, 2024 жылы Іңкәрдария, Аманкелді ауылдарынде бірқатар жұмыстар атқарылады. Елді мекен көшелеріне жол белгілері мен бағдаршамдар орнату үшін басты мақсат болып табылады. Ал «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық шараларды өткізуге жағдай жасалады. 8 бейнебақылау камерасын Қалжан-ахун, Іңкәрдария, Ақжарма, Айдарлы, С. Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ,Амангелді, Жетікөл орнатуға, 2 елді мекенде (2024 жылы Қоғалыкөл және Ақжарма ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекетін құруға ықпал етіледі, – деді «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттағына кандидат Г.Махамбетова.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді



22 желтоқсан 2020 ж. 577 0