Білім саласы өкілдері жетекші партияны қолдайды
Бүгін Аманкелді ауылындағы білім саласы өкілдерімен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат З.Жаманқұлов кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат З.Жаманқұлов жетекші партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы насихаттап, білім саласы бағдарламада қамтылғаны айтты.
– Білім беру ұйымдарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге (қоңырау шалу, арнайы дәретханалар, тактильді жол және т.б.) жағдай жасау негізқгі партияның бағыты болып табылады. Педагогтарды киберпедагогиканегіздері және қашықтан оқыту форматының әдістемесі бойынша оқытуға (2021 ж.-400 пед, 2022 ж.- 400 пед.,2023 ж.-400 пед.) негізделген. Қашықтықтан оқыту бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 1474 балаларын компьютерлік техникамен толығымен қамтамасыз етуге ықпал етеді – деді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат З.Жаманқұлов.
Өз кезегінде білім саласы өкілдері жетекші партияның атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, алдағы уақытта да қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді