Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Артиллерия: жердегі барлаудың жаңа мүмкіндіктері

Артиллерия: жердегі барлаудың жаңа мүмкіндіктері

Қарулы Күштерде үш жарым мыңнан астам жауынгерартиллеристердіңқатысуымен мамандық бойынша даярлау басталды. Сабақты өткізу кезінде қару-жарақтың жаңа түрлерін қолдануға баса назар аударылады.

Артиллерия – соғыс құдайы. Бұған қазіргі қарулы қақтығыстарда оны қолдану дәлел бола алады. Қазіргі заманғы ұрыс жағдайында іс-қимыл жасау үшін жаппай атыс құралдары жаңа технологиялармен күшейтілуде.


Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің артиллерия бөлімшелері заманауи барлау құралдарымен, барлау, батареяға қарсы күрес құралдарымен және атысты басқару кешендерімен жарақтандырылды. Олар қаруды қолдану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Әскерлерде «Атлас», «Skylark-1leх» ҰҰА оптикалық-электронды барлау құралдары, «Платформа» радиолокациялық станциялары бар. Олардың мақсаты – жаудың маңызды нысандарын уақтылы анықтау.

Автоматтандырылған деректер беру жүйесі арқылы артиллериялық барлау құралдарын, артиллериялық зеңбіректермен біріктіру барлаудың атыс тізбегін құрайды.

Бұл ретте жердегі бақылауды жүзеге асыратын, қарсыластың атыс позицияларының мәліметтерін анықтайтын, оларды автоматты режимде басқару пунктіне беретін, содан кейін нысананы артиллериялық зеңбіректер дереу көзін жоятын «Платформа» РЛС батареяға қарсы ұрыс құралы ерекшеленеді.

Өндірушінің ресми өкілінің айтуынша, «Платформа» адамнан 10 шақырым қашықтықтағы көлік ұшағына дейін 50 шақырым қашықтықтағы кез-келген нысанды анықтай алады. Сондай-ақ, ол 3,5-тен 15 шақырымға дейінгі қашықтықта атыс батареяларының, реактивті снарядтардың және ұшқышсыз ұшу құралдарының атыс ұстанымдарын анықтай алады.

«Платформа» РЛС артиллериялық бөлімшелер іс-қимылының жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін «Айбалта-2019», «Шығыс-2019» және «Алдаспан-2020» ауқымды оқу-жаттығуларында және дивизиялық тактикалық оқу-жаттығуларда сәтті қолданылды.


Алдағы уақытта алыс қашықтықты анықтайтын жердегі радиолокациялық барлау кешенін сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жуырда қару-жарақ құрамындағы қаруды басқару кешендері жаңартылатын болады. Бүгіннің өзінде оларды жетілдіру үшін ғылыми-зерттеу мен құрастыру тәжірибе жұмыстары жүргізілуде.
11 желтоқсан 2020 ж. 376 0