Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей билігі АҚШ саясатына араласты ма? Америка тың дәйектер келтірді

Ресей билігі АҚШ саясатына араласты ма? Америка тың дәйектер келтірді


Сенаттың барлау жөніндегі комитеті Ресейдің АҚШ саяси өміріне араласуы жөнінде екі бірдей баяндама жарияламақ.
Екі құжат та барлау жөніндегі комитеттің тапсырысы бойынша әзірленген, бұрын-соңды жарық көрмеген дәйектер бар деп хабарлайды CNN. Онда Ресей АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіп шығуы үшін ірі әлеуметтік желілерді қолданғаны айтылады.
Зерттеу авторлары Ресейдің Интернет зерттеулері агенттігі 2009 жылы жергілікті сайлау кезінде алғашқы тәжірибелерін жүзеге асыра бастағанын атап өтеді. 2013 жылы "тролль фабрикасы" аталып кеткен агенттік Twitter арқылы АҚШ-тың саяси ісіне араласа бастайды.
Біртіндеп бұл кампанияға YouTube, Facebook және Instagram желілерін де тарта бастайды.
2016 жылы АҚШ-тағы президент кампаниясы кезінде Ресей консервативті сайлаушыларды мигранттар мен қару тақыбырын алға тартып, Дональд Трамп қатарына тарта бастайды. Ресей агенттері сол кезде афроамерикалық сайлаушыларды шатастыру үшін түрлі хабарламалар жіберген. Атап айтқанда, дауыс берудің тәртібі жөніндегі қате нұсқаулар таратқан. Ал либералдар, мұсылмандар, латынамерикалықтар және ардагерлер тұратын аймақтарға сайлауға бармаңдар деген үгіт жүргізген. Осылайша Мәскеу америкалық қоғамды жік-жікке бөлмек болған дейді.
Washington Post баяндама авторының бірі АҚШ-тың технологиялық компанияларын "тез арада шара қолданбады" деп айыптады деп жазады. Олар билікке Ресейдің әрекеті жөніндегі ақпаратты дер кезінде бермеді деген.
АҚШ Интернет зерттеулері агенттігіне қарсы қылмыстық іс қозғады. Арнайы прокурор Роберт Мюллер Трамптың сайлауалды штабы сайлауға килігу үшін Ресеймен қандай да бір келісімге келді ме, жоқ па, анықтауға тырысып жатыр. Трамп болса ешқандай келісім болмағанын айтып, бұл зерттеулерді "жалмауыз аулау" деп атап келеді.

«Қамшы» сілтейді
18 желтоқсан 2018 ж. 791 0