Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ғарышта жүріп президент сайлауына қатысуға бола ма?

Ғарышта жүріп президент сайлауына қатысуға бола ма?

Президент сайлауында әр адамның  дауысы маңызды. Ел азаматтары шетелде жүрсе де, елшілікке барып дауыс беріп жатады. Ал дауыс беруші азамат Жерде емес, ғарышта болса ше? 

1997 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауы тарихта қалды. Өйткені америкалық ғарышкер Дэвид Вулф Халықаралық ғарыш станциясында отырып дауыс берді. Содан бері ғарышқа ұшқан астронавттар ешбір президент сайлауынан қалыс қалған емес. 

Бір қызығы, Америка ғарышкерлерінің дауысы Техас штатында тіркеледі. Себебі осы штатта ғарыш орталығы бар, ал ғарышкерлердің басым бөлігі жақын жердегі Хьюстонда тұрады.

АҚШ ғарышкерлері NASA жасаған, қатаң қорғалған электрон пошта арқылы дауыс береді. Ал дауыс беру қағазында олар мекен-жайын "Жер орбитасы" деп көрсетеді екен.

10 желтоқсан 2020 ж. 563 0