Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтады

Мемлекет басшысы АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинаған Джо Байденді құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Джо Байденге шын жүректен жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта екі ел арасында жемісті ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан президент сайлауында демократиялық партия атынан бақ сынаған Джо Байден жеңіске қажет дауысты жинады. 77 жастағы Байден таңдаушылардың 273 даусын жинап, Американың қазіргі президенті, республикалық партия үміткері Дональд Трампты басып озған.

Сайлаудың соңғы қорытынды нәтижесі 14 желтоқсаннан кейін белгілі болады.



08 қараша 2020 ж. 706 0