Партиялардың барлығы нақты ұсыныс беріп, елге жақсылық жасаса дейміз - Нұрсұлтан Назарбаев
Мен үшін еліміздің еңселі ертеңінен артық арман да, құндылық та жоқ. Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезін қорытындылаған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, оны 30 жыл басқарған адам ретінде айтарым, мен үшін еліміздің еңселі ертеңінен артық арман да, құндылық та жоқ. Осынау күрделі кезеңде мемлекеттің тәуелсіздігін, тұтастығын сақтау, барша халқымызды Президент төңірегіне топтау - бәріміздің парызымыз, менің парызым, Елбасы ретіндегі миссиям. «Nur Otan» партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының және қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде мен осы жолда барымды саламын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы «Nur Otan» партиясының кезінде елді біріктіру, халық пен билік арасына дәнекер болу үшін құрылғанын айтты.
«Бүгінде «Nur Otan» өз уәдесінде тұра алатын, елдегі мықты көшбасшыларды топтастырған саяси ұйым екенін бәрі көріп отыр. Басқа партиялар да болады, қазір де бар. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ. Қоғам солай, уақыт солай. Бірақ сол партиялардың барлығы нақты ұсыныс беріп, елге жақсылық жасаса екен дейміз. Тек сынап, көшеге шығып айқайлағаннан не шығады? Қанша айқайласа да, көшеге шықса да көпбалалы аналар, жағдайы жоқ кісілер түбінде кімге келеді? Үкіметке келеді. Бәрін шешетін мемлекет, Үкімет. Сондықтан дау-дамайға салмай, айқай-шусыз партияға кіріп, одан соң депутаттыққа өтіп, сол жерде мәселесін көтеріп, шешу керек. Осы жолмен жүрейік», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.