Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бүгін Ұлттық валюта күні

Бүгін Ұлттық валюта күні

Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды, деп жазады Egemen.kz

Өйткені ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын.

Бүгінде ақша бірліктері мемлекеттің дамуының маңызды рөлін атқарады. Оларсыз мемлекетаралық қатынастарды орнықтыру мүмкін емес, мемлекет ішіндегі қаржы операцияларының бірін де орындай алмайды.  

Қазақстанның теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев алғаш теңгенің айналымға түскен күнін "Ұлттық валюта күні" деп жариялады өз Жарлығында. 

Елдің егемендігін жаңа жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті. 


15 қараша 2020 ж. 890 0