Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Полиция қызметкерлері сала ардагерімен кездесті

Полиция қызметкерлері сала ардагерімен кездесті

Бүгін Сырдария аудандық полиция бөлімінің базасында жергілікті полиция қызметі бөлімі және жеке құрамның кешкі ауысымдағы саптық бөлімшесінің 20-ға жуық қызметкерлерінің қатысуымен ішкі істер органдарында қызмет атқару барысында қиын жағдайға тап болмау үшін азаматтарға көмектесу, құқық-бұзушылықтардың іс-әрекет бойынша батыл шешім қабылдау бағытында жұмыстарды жандыру мақсатында аудандық полиция бөлімінің бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Еспенбетовпен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аудандық полиция бөлімінің бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Еспенбетов полиция қызметкерлеріне әркез қырағы бола отырып, жедел әрекет етуді жетілдіру керектігін айтты. Сонымен бірге, алға мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында сапалы жұмыс көзін ұйымдастыра білу керектігін тілге тиек етті. Әркез тәртіп сақшылары барлыққа төтеп беріп, барлық құрылымдық өзгерістерге бейімделуі қажет. Полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру үшін әр сала маманының жауапты болуына мұқият назар аудару керектігі айтылды. Әр бөлімнің атқарар қызметін саралай отырып, халықпен тығыз байланыс орнату күн тәртібінен түспейді. Жылдар бойы қалыптасқан старатегиялық міндеттерді орындау – полиция қызметіндегі идеологиялық қызметті жандандыра түседі. Бұл ретте сапалы, әрі білікті, білімді мамандарды полиция мамандығына тарту көзделген.

Кездесуде Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Артур Нұржанов алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, барлық қажыр-қайратын құқық қорғау саласына арнаған сала ардагерлерінің озық тәжірибесінен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үлгі алу керектігін жеткізді.
11 қараша 2020 ж. 1 090 0