Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Еңбек даңқы» музейі – өткен мен бүгін үндестігінің жарқын көрінісі

«Еңбек даңқы» музейі – өткен мен бүгін үндестігінің жарқын көрінісі

Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде «Еңбек даңқы» залы бар. Орталық саябақта орналасқан музей – «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындағын міндеттердің ауданда жүзеге асуының жарқын көрінісі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ашылған «Еңбек даңқы» музейі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ауданнан шыққан қоғам қайраткерлері туралы баяндалса, екінші бөлімде Сырдария ауданының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері қамтылған. Ал, үшінші бөлім ауданда түрлі салада қызмет атқарған және атқарып жүрген үздік қызметкерлерге арналған.

Музейде аудан тарихы толық қамтылған. Ауданның сонау құрылу жылдарынан бері еңбек сіңірген қайраткер тұлғалары, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша мәліметтер қамтылған. Аудан мақтаныштары, ауданның экономикасы мен шаруашылығын, түрлі салаларын дамытуда өзіндік үлес қосқан тұлғалар бейнесі суреттер композициясында бейнеленген.

Жалпы, «Еңбек даңқы» музейі – өткен мен бүгін үндестігінің жарқын көрінісі. Бұл жерге келген тұрғындар мен аудан меймандары аудан тарихымен жақын танысады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттер: Нұрболат Нұржаубай

31 қазан 2020 ж. 558 0