Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұртшылық жаңа музейді тамашалауда

Жұртшылық жаңа музейді тамашалауда


«Еңбек даңқы» филиалының экскурсоводы Айжан Жұмабекқызының айтуынша, нысан ашылған уақыттан бері музейді тамашалауға күніне 15-20-ға жуық адам келеді екен. Олардың ішінде ардагерлер де, жастар да, сондай-ақ, аудан қонақтары да бар.
– Музей негізгі үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім ауданнан шыққан қоғам қайраткерлерінің өмір жолынан, атқарған қызметтерінен сыр шертсе, екінші бөлімге Тәуелсіздік жылдарында Сырдария ауданының жеткен жарқын жетістіктері қойылған. Келушілердің басым бөлігі, әсіресе ардагер аға-апаларымыз осы екі бөлімнің жұмысымен танысқанды жөн көреді. Ал, үшінші бөлім қазіргі таңда түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлердің еңбектерін қамтиды. Бүгінде келушілердің саны күн санап артуда. Бұл біз үшін қуаныш,- дейді экскурсовод маман.
Жаңа музейдің жұмысымен танысушылардың бірі – ауданның «Құрметті азаматы» Рахымжан Бәйменов. Аудан дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер музейге қойылған тарихи жәдігерлер мен құндылықтардың әрбірі аса маңызды және тұнып тұрған тарих екенін алға тартты бізбен әңгімесінде.
– Өткен аптада «Еңбек даңқы» филиалы ретінде ашылған жаңа музейді араладым. Алған әсерім ерекше. «Тағзым» алаңына кіргеннен бастап ашық аспан астындағы музейде жүргендей сезіндім. Мәңгілік алау, «Құрметті азаматтар» аллеясы бәрі бір-бірімен үндесіп, сабақтасып тұр,- деген ардагер музейдің ашылуына бастамашы болған ел азаматтарына ризашылығын білдірді.
Ал, спорт ардагері М.Елеусінов ескі мешітті тарихи орынға айналдыру ісінде аудан басшысының сіңірген еңбегі көп екенін айтады.
– Мамандармен кеңесіп, құнды мәліметтерді жинақтау оңай іс емес. Болашақта бұл орын аудан халқының сүйікті мекені болады деп сенемін. Өйткені, жаңа музей қай қырынан алсақ та керемет үйлестірілген жұмыстың жемісі. Ауданымыздың гүлденуіне үлес қосқан қайраткерлердің есімі жазылған «Сырдария ауданының Құрметті азаматтарына» арналған аллеяға қарап, көп нәрсе есіме түсіп тұр. Біз алдыңғы буын аға-апаларымыздың алдында бас иеміз. Еңбектеріне үлкен құрметпен қараймыз,- дейді ардагер.
Аудандық музейдің «Еңбек даңқы» филиалын аралауға жекелеген азаматтардан бөлек, ұжымдар да келуде. Мәселен, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері де жаңа музейді тамашалап, өткен мен бүгінді байланыстыратын мәліметтермен танысқан. Мұнан бөлек, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімдері оқушылармен бірге саяхат жасапты.
Жалпы, Елбасының бағдарламалық мақа­ласында тарихтан тағылым алудың маңыздылығы кеңінен баяндалғаны белгілі. Осы ретте, Туған жердің өркендеуіне аянбай үлес қосып, өскелең ұрпаққа үлгі болған қайраткерлердің алар орны ерекше. Ал, жаңа музейдегі әрбір сурет, құжат, мәлімет аудан тарихынан, аталған қайраткерлердің өмірі мен қызметінен сыр шертеді. Ендеше, құрметті оқырман жаңа музейді тамашалап, рухани ләззат алуға асығыңыздар.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
29 қараша 2017 ж. 1 830 0