Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Волонтерлардың күндізгі лагері өтуде

Волонтерлардың күндізгі лагері өтуде

Аймағымызда жастар саясатын дамыту мақсатында 28-30 қазан  күндері аралығында «Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысын» сақтай отырып «Birgemiz Qyzylorda» волонтерлардың күндізгі лагерін  өткізілуде. Айта кету керек шараны «Бізбен бірге» қоғамдық қоры «Мейірімділік қадамдары» волонтерлік қозғалысы» әлеуметтік маңызы бар қызметінің аясында ұйымдастыруда.

Волон­терлік қызметтің басты мақсаты  – бірге жұмылып, халыққа қыз­мет ету болып табылады. Бүгінде дүние жүзінде волон­тер­лікпен айналысу үрдісі кең тара­лып, әлемдік қозғалысқа айнал­ғаны белгілі. Патриотизм, қоғамға қыз­мет ету және игілікті іс – адам­ның тұлғалық және рухани дамуы­ның жоғары деңгейінің жарқын көрінісі. Яғни волонтерлық біздер үшін жаст ұғым емес. Дәстүрлі руханиятымызда қашаннан адамдардың бір-біріне деген көмегі қайрымдылығы жалғасып келе жатқан үрдісі. Десекте ел тұрғындарының санасында волонтерлік қызмет көбінесе бірыңғай жейде киіп, көшелер мен парктерде жалаушалар, белгілі бір заттарды таратып жүретін жастар ретінде қалыптасқан. Шын мәнісінде волонтерлік жас, кәсіп таңдамайды. Кез келген адам жасына, жынысына қарамастан қолынан келгенше арнайы уақыт бөліп қоғамға, адамға пайдалы іспен тегін айналысуды әдетке айналдыруы қажет.

Лагерьге 20-ға жуық волонтерлық жастар ұйымдары мен белсенді бастамашыл топ өкілдерінен барлығы 80 волонтер қатысуда. Аталған жастардың қатысуымен «Волонтерлік қызмет» дегеніміз не, «Волонтер жылының» ерекшелігі неде, волонтерлік қызметті дамыту үшін қандай шараларды қолға алғанымыз жөн деген сияқты мәселелерді қарастыратын боламыз. Лагерь жұмысы барысында білікті тренерлерді тарта отырып оқыту жұмыстары жүргізіледі: құқықтық сауаттылық, медиа волонтерлық және жергілікті және халықаралық деңгейдегі волонтерлық туралы.

«Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобасы  бойынша «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесе отырып қала тарихы, мәдени демалыс орындары, мұражайларға экскурсия ұйымдастырылады. Қатысушылар өздерінің тұрғылықты қаласының тарихын  білуі шарт. Сыр бойындағы шаһардың өткені мен бүгінін көрсету, таныстыру барысында қызықты танымдық ойындарда жүргізілетін болады.

«Birgemiz: TazaQazaqstan» жалпыұлттық жобасы  бойынша қатысушы ұйымдар мен жастар және белсенді жастарды тарта отырып қала ішінде эко-акциясы   жоспарлануда. Бұл шараның да жастар үшін өздерінің қаласын таза ұстауға, вандализмнің алдын алуға маңызы зор.
29 қазан 2020 ж. 474 0