Баспасөз хатшылары біліктілігін арттырды

- Біздің өңір – қаймағы бұзылмаған тіл мен рухтың, қазақылықтың қайнаған ортасы. Сонымен бірге, ұлтжанды, мемлекетшіл, халықшыл журналистердің алтын ұстаханасы. Сыр журналистикасы – креативті, пассионарлы және объективтілігімен ерекшеленеді. Осы ретте, облысымызда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген мамандар журналистермен тығыз байланыс орнату қажет. БАҚ беттеріне жарияланатын нақты мәліметтерді ұсына білулері тиіс. Осы үдеден шығу үшін біз баспасөз қызметі мамандарының біліктілігін арттыру үшін семинар өткізіп отырмыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.
Семинар секциялық жұмыстар жалғасты. «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы, «Үш таған» ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі Айнұр Тұңғышбаева «Баспасөз қызметі – ТВ - Ньюсмейкер» тақырыбында, «Ұстаз мәртебесі» газеті мен «Әлімсақ» журналының бас редакторы, Нұрлан Көбегенұлы «Ақпарат алмасудағы баспасөз хатшыларының рөлі», блогер, «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының басшысы Ерлан Мусаев «Сапалы контентті қалыптастыру, ақпаратты берудің жаңа стильдері мен әдістері» тақырыбында дәріс оқыды.