ЖАҢА МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекеттік қызметкерлерге, баспасөз хатшыларына және БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.
«Жаңа медиа және ақпарат берудің әдістері» тақырыбындағы семинар-тренингті облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина ашып, шараның мақсатымен таныстырды. Мұнан кейін блогерлер мен жастардың белгілі медиатренері Асхат Еркімбай өз шеберлігімен бөлісіп, қатысушыларға ғаламтордағы ақпараттар жүйесі мен оларды бақылаудың әдіс-тәсілдері үйретілді. Лектор бірқатар ақпараттық жүйелермен таныстырып, интернет қолданушыларын қызықтыратын медиа жоспар жасауға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, дата трансформациясының өзіндік ерекшеліктерінен мысалдар келтірді.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді. Атап өту керек, семинар-тренингте Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жүргізіп жатқан жұмыстары оң бағаланды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.