Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

2020 жылдың қазан айының 16-21 күндері аудан көлемінде Қызылорда облысының Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Оның мақсаты – аудан көлемінде заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сондай-ақ, бұл профилактикалық іс-шара атыс қаруымен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Іс-шара барысында бүгінгі күнге ауданның тәртіп сақшыларымен 2 дана тіркеуде жоқ аңшы қаруы алынып, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бап «Заңсыз қару сақтау, тасымалдау» бойынша құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 қазан 2020 ж. 1 142 0