Беделі биік білім ошағы
Ауданның білім беру саласында Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің орны ерекше. Жүз жылға жуық тарихы бар білім ошағы типтік жобада салынған. Қазіргі уақытта 546 балаға білім мен тәрбие беретін мектеп-лицейді жас директор Зейнұр Жаманқұлов басқарады.
Мектеп-лицейдің педагогтары оқушыларға сапалы білім беруде алдына жан салмайды. Жаңашылдыққа құмар, жетістіктерге қол жеткізген білім мекемесінде 79 мұғалім еңбек етеді. Оның тоғызы жоғары санатты мұғалім, әрі педагог-зерттеуші деңгейіндегі білікті ұстаздар. Өткен оқу жылын толағай жетістіктермен қорытындылаған мектеп-лицейдің түлегі Аружан Сәлімгерейқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 120 балл алды. Жалпы білім сынағына қатысқан 9 оқушының барлығы да мемлекеттік грант иегері атанып, ұстаздарының мерейін асырды.
Өткен оқу жылында халықаралық дәрежедегі байқауларға қатысқан А.Сәлімгерейқызы, Ұ.Бегежан, Г.Жұмабайқызы, С.Өмірәлі жүлделі орын иегерлері атанды. Бұл оқушылар болашағынан зор үміт күттіретін дарынды өрендер. Сонымен қатар білім мен өнерге құштар шәкірттердің қатарында Л.Балғабай, Н.Нұрболатұлы, Ф.Ғабитқызы, А.Ғабитұлының есімдері ерекше аталады. Олар шығармашылық зерттеу, рухани-патриоттық, ғылыми жобалар байқауларынан, өнер және білім фестивалінен жүлдеге ие болды. Ал облыстық пән олимпиадаларында, ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында жүлделі орын алған А.Жалғас, Н.Жұбатқан, А.Шайзатова, А.Қайратқызы, А.Әлиқожаева мектеп-лицейдің үздік оқушылары.
– Мектеп-лицейге облыс орталығындағы жоғарғы оқу орынынан ғалымдар келіп, қосымша сабақ береді. Бұл ауданның білім беру саласының қол жеткізген жетістігі. Түрлі бағытта дәріс беретін оқытушылар оқушыларды ғылымға баулып, білім сапасын арттыруда. Айта кету керек, мектеп-лицейде жылыжайымыз бар. Онда ерте көктемде көкөністердің көшеттерінің түр-түрін өсіруді қолға аламыз. Биология пәнінің мұғалімі Қ.Мәденов жылыжайдың жұмысын жүргізіп келеді. Ол оқушылармен бірге көшет егіп, оның өсуіне жағдай жасайды. Биыл ізденімпаз ұстаз ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды, – дейді мектеп директоры З.Жаманқұлов.
Жас та болса бас болып, оқушыларға білім берудің озық тәсілін тыңғылықты меңгеріп, педагогикалық ұжымды басқарудағы тың идеялары туралы айтқан мектеп-лицей директоры оқушыларды тасымалдау қызметі оң шешімін тапқанын айтады. Ауылдық округі әкімінің қолдауымен шешімін тапқан мәселе ауылдың шеткі аумағында тұратын кезекші сыныпта оқитын 25 оқушыны күнделікті тасымалдауды өз міндетіне алған. Сонымен қатар ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен, мектеп-лицей ұжымының қаржылай қолдауымен аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына қазіргідей жағдайға байланысты қажетті ноутбук, планшет алынып берілген.
Білім беруде кедергілерге жол бермеу мақсатында оқушылардың әлеуметтік жағдайы толық зерттеліп, оқушылардың интернет желісімен, планшетпен, ноутбукпен қамтылуы шешімін тапқан.
Мектеп-лицей мақтанышы, әрине түлектер. Жыл сайын мектеп-лицейге он, жиырма, отыз, қырық жыл бұрын бітірген түлектері қажетті құрал-жабдықтарды алып беруді дәстүрге айналдырған. Солардың қатарында ардагер-ұстаз Ержігіт Сейдахметовтың баласы Нұрлыбек Сейдахметов өткен жылы 3 млн теңгеге математика кабинетін жабдықтап берген. Алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын тауып, физика, орыс тілі пәнінің кабинетін жабдықтау қолға алынбақ. Сонымен қатар мектеп-лицейдің екінші қабатында «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» атты ардагер-ұстаздарға арналған көрнекі стенд жарқырап тұр. Бұл да мектеп-лицейді бітіруші қырық жылдық түлектерінің тартуы.
Оқушылардың қауіпсіздігі үшін істен шыққан бейнебақылау камерасын жөндеп қайта қалпына келтірген онжылдық түлектерге ұстаздар қауымы ризашылықтарын білдіруде.
Айта кету керек, биыл оқушылар ғимарат ішіне жаңадан салынған әжетхананы пайдалана бастады. Онда суық су мен ыстық су үздіксіз беріліп, санитарлық талаптар сақталғаны және жылу жүйесінің іске қосылғаны көрініп тұр.
Білім беру саласында биік белестерді бағындыруға белді бекем буған шағын ауылдағы мектеп-лицей ұжымының жұмысына сәттілік тілейміз.

Бибісара Жанәлі