Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 199 сырдариялық мемлекеттік грант иегері атанды

199 сырдариялық мемлекеттік грант иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі биылғы жылдың 15 тамызында 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру гранттарының бөлу нәтижесін жариялады.

Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың жас талапкер мемлекеттік грант иегері атанып, тегін оқуға мүмкіндік алды.

Сырдария ауданы бойынша 2019-2020 оқу жылында 341 оқушы мектеп бітірді. Олардың 263-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, тиісті балл жинады. ҰБТ-ға қатысқан жас талапкерлердің 219-ы мемлекеттік грантқа өтініш білдірген болатын. Нәтижесінде, 199 сырдариялық мемлекеттік грант иегері атанды.

Қазіргі таңда облыс әкімінің оқу грантына, Түркістан облысында биыл ашылған Халықаралық туризм университетіне және басқа да жоғары оқу орындарына ауданның жас талапкерлері құжат тапсыруда. Осының нәтижесімен мектеп бітіруші түлектердің барлығы оқумен қамтылады деп күтілуде.

17 тамыз 2020 ж. 896 0