Құттықтау
Құрметті білім саласының ардагерлері!
Ардақты ұстаздар!
Сіздерді «Ұстаздар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлы ұғым, ұлағатты есім. Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – мектептің жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деген сөзі ұстаз мәртебесі жоғары екенін аңғартады.
Ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан шынайы құрметке лайық. Елімізде ұстаздар мәртебесін ұлықтауда, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеруде көптеген игі шаралар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді» дегені ұстаздар әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шара екені анық. Сондықтан мемлекет тарапынан ұстаздарға деген құрмет толастамайды.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы қауіпті вирустың салдарынан әлемде пандемия орын алды. Мұның кері ықпалы барлық салаға әсер етті. Оның ішінде білім саласында оқушылардың қашықтан білім алуына тура келді. Мұндай шақта ұстаздарға зор жауапкершілік артылып, білім қызметкерлері елімізде орын алған төтенше жағдай кезеңінде аянбай еңбек етті. Биылғы жаңа оқу жылы да ерекше басталып, 1-4 сыныптарда кезекші сыныптар ұйымдастырылып, жоғары сыныптар онлайн форматында білім алуда. Міне осындай сындарлы шақта педагогтар ауызбіршілік танытып, ел болашағы – жастардың білім алуына тынымсыз еңбек етіп келеді. Осындай жанқиярлық еңбектеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс!
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, шығармашылық толағай табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Аудан ұстаздарының әрқашан абырой биігінен көріне берулеріне тілектеспін!

Құрметпен,
Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі