Елордаға Қызылордадан 300 тонна өнім жөнелтіледі
![](/uploads/posts/2020-09/medium/1600004688_1568785140_18astanazharmenke1.jpg)
Елордадағы атаулы шараға Сыр елінің өнімдері тиелген 25 жүк көлігі барады. Атап айтсақ: балық және балық өнімдер – 25 тонна, күріш – 146 тонна, қауын, қарбыз – 96 тонна, асқабақ – 28 тонна, көкөніс, жемістер – 18 тонна, сүт өнідері, шұбат, бал, тары, талқан – 10 тонна. Сондай-ақ Қызылорданың брендіне баланған балықты Арал мен Қазалы ауданындағы арнайы сервистік- дайындау орталықтары жеткізетін болады. Ал сүт өнімдерін, басқа да тез бұзылатын тауарларды апаруға рефрижератор автокөліктер даярланған.