ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 18 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВІ ҚҰРЫЛДЫ
Ағымдағы жылы 250 жеке қосалқы шаруашылық біріктіріліп 18 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды.
Ағымдағы жылы 250 жеке қосалқы шаруашылық біріктіріліп, 18 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. 2017 жылы кооператив 342 тонна ет пен 133 тонна сүт өндірсе, 2018 жылдың І жартыжылдығында 206 тонна ет және 253 тонна сүт өндіріп үлгерді.
Жалпы, мал шарушылығын дамыту үшін соңғы жарты жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы облыста 105 кооперативтің құрылуы 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт фермасы жасақталуына жағдай жасады.
Сондай-ақ, аймақта құс шаруашылығы даму үстінде. Былтыр Шиелі ауданында жұмыртқа өндірісін дамыту мақсатында алғашқы құс фабрикасы салынды. Сонымен қатар, өткен жылы тағы екі құс фабрикасы ашылды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында құс саны 36 %-ға, ал жұмыртқа өндіру 45%-ға артты. Ағымдағы жылы Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ӘКК-мен жылына қуаттылығы 1500 тонна ет өндіретін тағы бір құс фабрикасының құрылысы басталды. Осылайша, 2019 жылы жұмыртқалардың қолданыстағы 5,5% -дан 22,7% -ға дейін, құс еті 0,7% -дан 46,8% -ға дейін өсуі жоспарлануда.
Атап өтейік, соңғы бес жылда ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 2,5%-дан 3,7%-ға дейін өсті, бұл өңір экономикасының құрылымындағы сапалы өзгерістерді көрсетеді. Осы жылдарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 23 есеге, тамақ өнімдерінде 5 есеге өсті.
Тек биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 85%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,7%-ға, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 15%-ға артса, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемі өнімнің заттай көрінісінде 66%-ға, ал, доллар эквивалентімен 7,3%-ға өсті.
Пікір 2