Қарттарға құрмет – адамгершіліктің айнасы
Қарттар күніне орай аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Есентұрқызы, Тереңөзек кенті әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Серікбайқызы ауданымыздағы зейнеткер аналардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекелік сый-сияпат табыстады.Іс-шара барысында ардақты аналарымыздың жағдайы сұралып, оларға ізгі тілектер айтылып, құрмет көрсетілді.
Қазақ қоғамында қашанда қарияға құрмет, үлкенге ізет көрсету – басты құндылықтардың бірі. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – кейінгі ұрпаққа берер мол қазына.
Аудандық әйелдер кеңесі осындай игі бастамалар арқылы қарттарға қамқорлық көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы өзара сыйластықты нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Қадірлі аналарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!









