Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Туризмді дамытудағы жаңа жобалар қандай?

Туризмді дамытудағы жаңа жобалар қандай?

Облысымызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд. 361 млн. теңгені құрайтын 30 нысан жұмыс жасауда Онда 737 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қолданыстағы 30 нысанның 23-і «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген. Айта кету қажет, іске қосылған жобалардың барлығы жоба бастамашыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды іске қосу жоспарлануда.

Бағдарлама аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне, ал «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы ТОП-50 нысандар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда жылына 250 - 500 мың аралығында туристерді тартатын болады деп күтілуде.

09 қыркүйек 2020 ж. 512 0