Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

«БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Еске сала кетейік, облыстың бренді саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыш туризмін дамыту үшін «Байқоңыр» туристік аймағын құру туралы тұжырымдама дайындалған болатын. Енді қалада туристік аймақ салынады.
Бұл туралы өңірлік коммунникациялар орталығында жарты жылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Евгениий Ким айтты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында туризмді дамытуға бағытталған жобалардың бірі – жұлдызды қалашықта «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру.
«Байқоңыр» туристік аймағы – сауда орталығы, әлемдік стандартқа жауап беретін қонақ үй мен мейрамханалар, кинотеатр, ойын-сауық залдары, боулинг, бильярд залдары мен аттракциондарды қамтиды. Бұған қоса, зымыранның ғарышқа ұшу сәтін тамашалайтын орындарды («hi-tech» технологиясымен жабдықталған арнайы қондырғылары бар) қамтитын болады.
Айта кетейік, қала әкімшілігі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен қала аумағын абаттандыру, жолдарды тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын бастады. Жұлдызды қала қазір түгелдей газдандырылған.
16 тамыз 2018 ж. 1 569 0