Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сараланған тариф арқылы энергия қуаты және қаражат үнемделеді

Сараланған тариф арқылы энергия қуаты және қаражат үнемделеді

Соңғы уақытта прокуратура органдарына тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілер және басқа да ақпарат құралдары арқылы электр энергиясы мен газдың тарифіне қатысты сұрақтар жиі қойылуда. Осы орайда өкілетті орган ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы департаменті мамандарымен бірлесе отырып, облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында арнайы брифинг өтті.

Тұрғындар тарапынан жиі қойы­латын сұрақтарды сараланып, БАҚ өкіл­деріне тиісті мәліметтер ұсы­н­­­ы­л­­­­­­­­­­­­ды. Соның ішінде ең маңыздысы «Күнделікті тұтынып отырған электр энергиясының құны қалай есептеледі және төлем қызметі қалай жүргізіледі?» деген сұраққа жауап берілді.
Қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамаларға сәйкес жеке тұлға тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифпен немесе белгіленген орташа босату тарифпен төлеуге құқылы.

Электр энергиясы үшін тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифті қолданудың басты мақсаты – тұты­нушыларды энергия қуатын үнемдеуге ынталандыру болып табылады. Осыған орай аймағымызда сара­ланған тарифтер бойынша ақы төлеу 2009 жылдан бері қолданыста. Аталған құжат бойынша электр энергиясының тарифтері тұтынған көлеміне қарай 3 деңгейде есептеледі.
I деңгей – 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағатқа дейін – 13,45 теңге (15,06 теңге ҚҚС-мен);
II деңгей – 1 айға 1 адамға 70 квт.сағаттан 150 кВт. сағатқа дейін – 17,04 теңге (19,08 теңге ҚҚС-мен);

III деңгей – 1 айға 1 адамға 150 квт. сағаттан жоғары – 21,30 теңге (23,86 теңге ҚҚС-мен), орташа босату тарифі – 14,20 теңге (15,90 теңге ҚҚС-мен)

Қызылорда облысы бойынша бекі­тілген тариф – жан басына 70 кВт*сағ. I деңгей – 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағатқа дейін – 13,45 теңге (15,06 теңге ҚҚС-мен). Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облысы және Шымкент қала­сында да дәл осындай тариф бекітілген.

Тұтыну көлемі негізінде жеке тұра­тын Ұлы Отан соғысының ардагер­лері және осыларға теңестірілетін мүге­дектер, жасы бойынша пенсионерлер үшін сараланған тарифтің ең төменгі бағасы 100 кВт*сағ көлеміне дейін беріледі.

2019 жылы нақты пайдаланылған электр энергиясының тұтыну көлемі 1 адамға 1 айға орташа есеппен – Қызылорда қаласы бойынша – 57,3кВт*сағ, Арал мен Қазалы ауданы бойынша – 30,7кВт*сағ, Шиелі, Жанақорған, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында – 36кВт*сағ. құраған.

Электр энергиясын өндіруші жә­не жабдықтаушы ұйымдардың қызмет­теріне қатысты.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2,3-3-тармақтарына сәйкес:

– энергия өндіруші ұйымға кө­тер­ме және бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге;
– электр энергиясын энергия өн­діруші басқа ұйымнан алуға;
– бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге;
–энергиямен жабдықтау мақ­сат­тарында электр энергиясын алуға тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым­ға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткі­зуге, сондай-ақ оны энергиямен жаб­дықтаушы басқа ұйымнан алуға тыйым салынады.

Қазіргі кезде электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың электрмен жабдықтау қызметінің тариф құрылымының 46 пайызы электр энергиясын сатып алумен, 43 пайызы электр энергиясының тасымалдау құнымен, 8 пайызы ілеспе қызметтерінің құнымен, 3 пайызы электр энергиясымен жаб­дықтаушы ұйымдардың жабдықтау үс­теме ақысымен қалыптасқан. Яғни электр энергиясымен жаб­дықтау қыз­меті тарифтерінің көтерілуі энергия өндіруші көздердің және энергия таратушы ұйымдарға тікелей байланыс­ты және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үстеме ақысының мөлшері 2013 жылдан бері өзгермеген.
Газды тасымалдау тарифі бойынша

Газды бөлшек саудада сату қыз­метінің баға құрылымы 3 бөліктен құралады. Атап айтсақ, энергетика министрлігімен бекітілетін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы және газды газ құбырларымен тасымалдау тарифі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қы­зыл­орда өндірістік филиалы (бұдан әрі -Филиал) үстеме бағасы.

Филиал 2020-2025 жылдарға ар­налған ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифті бекіту туралы өтінім ұсынып, Департаменттің бұйрығымен өтінімді қарау нәтижелері бойынша тауарлық газды тасымалдаудың тарифі мың текше метрге ҚҚС-сыз 5941,35 теңге мөлшерінде, бұрынғы тарифтен 34,6 пайызға төмендетіліп бекітілді. Филиал Департаменттің бұйры­ғымен келіспей, күшін жою туралы сотқа арыз берген. Бірінші және екін­ші сатыдағы сот шешімдерімен филиал­дың талабы қанағаттандырусыз қалдырылды. Газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын келісу Комитет құзы­ретінде болғандықтан қазіргі уақытта Комитетке сот шешімдері жолданып, аталған мәселе қаралуда.
Қызылорда облысының
прокуратурасы
05 қыркүйек 2020 ж. 687 0