Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Тариф бағасы талқыланды

Тариф бағасы талқыланды

Электр энергиясын тасымалдаушы «Шиелі Жарығы» серіктестігінің ұйымдастыруымен тұтынушыларға бөлшек сауда нарығында сатылу тарифіне арналған қоғамдық тыңдау өтті.

Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшының орынбасары Ғ.Тойлыбек және «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры Қ.Қасымов және тиісті сала мамандары қатысты.

– Энергиямен жабдықтаушы ұйым бүгінде Сырдария ауданымен қатар өзге де аймақтарға қызмет көрсетеді. Серіктестік ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергиясымен жабдықтау ұйымдарының қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі болып табылады. ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы №243 бұйрығына сәйкес энергияны өндіруші ұйымдардың тариф бағасына өзгертулер енгізілді. Сәйкесінше биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап баға 22,3 пайызға өсті, – деді серіктестік директоры Қалмырза Айдарұлы.

Тариф бағасының өсуі басқа аймақтармен салыс­тырғанда бірнеше пайызға көп. Мысалы, Жамбыл мен Екібастұз өңірлерінде 12-18 пайызға қымбаттаған. Аталған мәселе жөнінде тұрғынның сауалына мекеме басшысы тек нарық бағасына сәйкес енгізілген өзгістер деп түсіндірді.

Жалпы, «Шиелі Жарығы» электр өндіруші серіктестік тұрғындардың 55,4,, бюджеттік мекемелердің 14, өнеркәсіп орындарының 12, кіші және орта кәсіпкерлік нысандардың 14,6 және ауылшаруашылығы саласының 4 пайызына қызмет көрсетеді.

Майя ҚОЖАБАЙ
05 қыркүйек 2020 ж. 931 0