Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жолдау: Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Жолдау: Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жайлы баяндады, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз» деп атап өтті Мемлекет басшысы Жолдау барысында.

Оның айтуынша, Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады.

«Бұл орталықтар еліміздің беткеұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді», – деді Қ. Тоқаев.
01 қыркүйек 2020 ж. 740 0