Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев балалар ауруханасы мен «Жан-Арай» серіктестігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев балалар ауруханасы мен «Жан-Арай» серіктестігіне барды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр өңіріне сапары кезінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды.
 2017 жылы пайдалануға берілген көпбейінді балалар ауруханасында 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ мұнда кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мамандар шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырған.  
Одан әрі Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Серіктестік күріш өндірісімен және күріш дақылын халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жем өндірісімен де шұғылданады. Кешен үш бөліктен тұрады.
«Жан-Арай» ЖШС-ның күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді. Сондай-ақ, тәулігіне 80 тонна жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы алты жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін агрокарта әзірленді. Оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Сыр өңіріне сапары басталғанын хабарлаған болатынбыз.
 

14 мамыр 2019 ж. 987 0