Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда медициналық тексеруден бас тартқан адамдарға жауапкершілік күшейтіледі

Қазақстанда медициналық тексеруден бас тартқан адамдарға жауапкершілік күшейтіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын адамдарға жауапкершілікті күшейтуді жүктеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін. Медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын», – делінген Президенттің Жарлығында.
15 наурыз 2020 ж. 558 0