Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨРКЕНДЕУДЕГІ ОҢ ДИНАМИКА

ӨРКЕНДЕУДЕГІ ОҢ ДИНАМИКА


Дамудың даңғыл жолына түскен Сырдария ауданында 2018 жыл­дың алғаш­қы жартыжылдығын­да орындалуы тиіс жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асырылды. Бірлескен жұ­мыстардың нәти­жесінде барлық ма­ңызды салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жет­кізілді. Аудан тұрғындары мен ең­бек­керлері 90 жылдық мерейлі мерейтойды табысты да мерекелі көңіл-күймен қар­сы алды. бұл елбасының сындарлы саясаты мен тұғырлы тәуелсіздігінің жемісі.
Облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, облыстық Қоғамдық ке­ңес және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер па­ла­тасының бірлескен шешімімен «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау» жылы 3 жылға ұзартылғаны белгілі. «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау» жылы аясында ауданда «Кәсіпкерлікті да­мытудың жол картасы» әзірленіп, бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда шағын және орта бизнес­ті дамытуда оң динамика қалыптасқан. Аудан бойынша үстіміздегі жылдың  1 тамызына 2142 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,6 пайызға өсіп отыр. Соның нәтижесінде 5185 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы ішкі туризмді дамыту мақ­сатында Тереңөзек кентінде орналасқан «Қал­ғандария-2» көлінде демалыс жағажайы ашылды. Осы жағажайды ашуға «Эко құрылыс Проджект» ЖШС-і өз қаражаты есебінен 11,0 млн. теңге қаржы салынып, 5 адамды жұмыспен қамтылды. Жағажай бір мезетте 60 адамға қызмет етеді.
Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы аясында кент және ауылдық округтер бойынша құны 3 млрд. 282,2 млн. теңгені құрайтын 141 жоба  бекітіліп,  557 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
2018 жылы құны 259,3 млн. теңгені құрайтын 35 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланды. Ашылатын жұмыс орнының саны 80. Қазіргі таңда 63,3 млн. теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылып, 22 жұмыс орны ашылған.
«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бо­йын­ша «Өңірлік инвес­тициялық орталығы» мик­ро қаржы ұйымы» ЖШС арқылы 99,1 млн. теңгенің 31 жобасы қаржыландырылған.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті  қолдау  мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының па­йыздық мөлшерлемелерін субсидиялау тетігі бойынша құны 66,8 млн. теңгенің 3 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан қаржыландырылды. Бүгінгі күнге құны 78,0 млн. теңгенің 4 жобасы екінші деңгейлі банктерде қаралып жатыр. Құны 20,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба бойынша қажетті құжаттар банкке ұсыну үшін дайындалуда.
Бағдарламаның грант тетігі бойынша құны 202 млн. теңгенің 132 жобасы конкурстық ко­миссияның  қарауына  ұсынылып, құны 21,5 млн. теңгенің 28 жобасы комиссияның оң қоры­тындысын алып, қаржыландырылуда.
Алғашқы жартыжылдықта аудандық кәсіп­керлік палатасы арқылы 110 азамат «Бизнес-Кеңесші» курсын оқыған.
«Бастау-Бизнес» жобасы  бойынша  облыс тарапынан 130 адамды оқыту белгіленді. Оқу курс­тарынан өтетін азаматтардың кент, ауылдық округтер бойынша бөлінісі жасақталған. Қазіргі таңда «Бастау-Бизнес» жобасы  бойынша 62 адам оқытылыпты.
Есепті кезеңде «Облыстық кәсіпкерлерге қыз­мет көрсету» орталығының аудандағы өкілдігі тарапынан кәсіп ашуға ниетті азаматтарға барлығы 191 кеңестер мен қызмет көрсетілген.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кепілдігі толық қам­тамасыз етілген 170,6 млн. теңгенің 54 жобасы қаржыландырылған. 70 жаңа жұмыс  орыны ашылған. Қосымша аталған бағдарлама  арқылы құны 70,0 млн. теңгенің 32 жобасы қаржыландырылуда. Сонымен қатар, «Агробизнес» бағдарламасы  арқылы құны 78,3  млн.теңге  болатын 11 жоба қаржыландырылған.


25 қыркүйек 2018 ж. 1 429 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 05:44
Viagra Natural Para Mujeres Viagra Nebenwirkungen Alkohol proscar shopping Le Cialis Prise Propecia Liver Damage Herbal

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 06:14
Viagra Nebenwirkungen Alkohol viagra Cephalexin And Pregnancy Risks Levitra Im Vergleich Mit Viagra