Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Маки-маки» фаст-фуд орталығы ашылды

«Маки-маки» фаст-фуд орталығы ашылды

Қазіргі таңда қалаларда фаст-фуд бизнесі дамыған. Тағамның бірнеше түрін қамтитын арнайы орталықтардың ашылуы кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашады. Осыдан бір ғасыр бұ­рын Америкада қолданысқа енген көпшілік тамақтанатын фаст-фуд орталығы Тереңөзек кен­тінде де ашылған болатын.


«Maки-маки» фаст-фуд ор­­та­лығын тереңөзектік Се­рік­бол Молдабеков ашып, халыққа сапалы қызмет көр­сетуде. Күніне 100-ге жуық адамға қызмет ететін фаст-фуд орталығы отбасылық бизнестің жарқын үлгісі. Бүгінде жас кәсіпкердің аға­лары Асхат Молдабеков пен Мақсат Бекенов тез әрі сапалы тағам түрлерін дайындауға машықтанған. Осы күні орталықта «донер» та­уық және сиыр етімен, «пиццаның» барлық түрлері, «қуырылған картоп» (фри), «чипсы», «сыр таяқшалары», «тауықтың ащы қанаттары» (KFC) дайындалады. Сонымен бірге әр жұма сайын келушілерге «Түрік айраны» тегін беріледі.


Отбасылық кәсіпті іл­ге­рі­лету мақ­сатында тұр­ғындарға жеткізіп беру қыз­меті қарастырылған. «Инстаграм» әлеу­мет­тік желісінде биз­нес парақша ашы­­лып, тәулік бойына тұ­­тынушы­лар­дан тап­­сырыс қабыл­дануда.

«Maки-маки» фаст-фуд орталығы аз уақыт іші­нде аудан тұрғында­рының сұ­ранысын қанағаттан­ды­ру­да. Отба­сылық шағын демалысты қалайтын жандар үшін фаст-фуд өнімдері тап­­­тырмас мүмкіндік. Ең бас­тысы кә­сіпкерлік көк­жиегін кеңейткен ағайынды жігіт­тердің тазалыққа кө­ңіл бөлетіндігі қуантады.


– Өз басым «халал» өнімдердің тұрақты тұты­нушысымын. Қазіргі уақытта маркетолог саласы қанат жайған тұста шағын бизнесті қолға алу құптарлық жағдай. Барлық жағынан ұтымды әрі сапалы қызмет көрсете білген жас кәсіпкер ісіне береке берсін, – дейді Нұргүл Ғаниқызы.

Аудан көлемінде шағын және орта бинесті дамытуға мүмкіндік зор. Отба­сылық бизнесті жандандыруға ықпал еткен Серікбол Молдабеков кә­сібін несиемен қаржыландырған. Ал­дағы уақытта «Maки-маки» фаст-фуд орталығын ке­ңейтуді көздейді. Ендеше, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілейміз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

25 тамыз 2020 ж. 754 0