ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында шағын және орта бизнес отбасылық дәстүрге айналуы керектігін айтты.
Президент елімізде ең ары кеткенде екі ұрпақтың өкілдері ғана бизнеспен шұғылданып жатқандығын еске салған болатын. Осы орайда Елбасы: «Біз бұл жөнінен әлі жас елміз. Біздің қоғамымызда жекеменшік дәстүрі әлі толық қалыптасып, бел алып кете қойған жоқ. Ал оның заңдық негіздері болса, даму үстінде келеді. Сондықтан, Қазақстанда бизнеспен шұғылданушылардың өзі де әрі-сәрілік жағдайы басым. Мұның бір себебі, бизнестің мамандық ретінде толық қалыптаспағандығы. Кәсіпкерлердің өздері кеше бір шаруамен айналысса, бүгін екінші бір іске әуестенеді. Ал ертең басқа бір салаға көшіп кетуі де ғажап емес. Сөйтіп, әр істің басын бір шалып жүре береді. Демек, бизнес үшін бүгін тек осы іске кірісті деген мәлімгерлік сөз жеткіліксіз болып табылады. Бізге терең стратегиялық жоспар құрып үйрену керек. Бизнестің өзіне міне, осы арқылы келуіміз керек», — деген еді.
Ұлт көшбасшысының осы пікірімен кейіпкеріміз толық келісетінін білдірді. Өйткені, Феруза Сейілованың өзі аудан бойынша отбасылық бизнесті дамытудың озық үлгісін көрсетіп жүр.
Нақты кезеңде Арал қаласы орталығынан шағын кешен аудан мен қала қонақтарына қызмет көрсетуде. Аталған кешенде кәуапхана, көлік жуу орталығы сапалы қызмет көрсетуде. Кәсібін алға жылжытуды көздеп отырған Феруза бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де ерекше мән береді.
– Дана жұртымыз «Еңбек еткенге басын иеді» дегенді бекер айтпаған ғой. Бүгінде кәсібімізден нәсібімізді көріп отырған жайымыз бар. Бір ғана жұмыспен айналыспай, бірнеше кәсіптің басын біріктіру мақсатында өз жұмысымызда бастап та кеттік. Шүкір, тұрғындар талабынан табылып жатырмыз деп айта аламын. Мәселен, заманауи үлгіде жабдықталған кәуапхана ішінде жылы жұмсақ пен тәтті тоқаштарды келушілерге ұсынып, кейде тапсырыстар да қабылдаймыз. Әзірге 8 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта кәсібімізді одан әрі кеңейтіп, тағы бірнеше жанды тұрақты жұмысқа алсақ деген ойымыз бар, - деді ол.
Отбасылық дәстүрді алға тарта отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ықпал етуді мақсат тұтқан еңбекқор жанның тынымды тірлігі бізді де сүйсіндірді.
Арал ауданы