Тұрақты жағдайға тоқмейілсуге болмайды

Басқарма басшысының айтуынша, тұрақты жағдайға тоқмейілсуге болмайды. Сондықтан түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, жеңілдетілген карантин талаптары сақтау бағытында мониторингтік іс-шаралар ұйымдастырыла береді.
– Бүгінгі күнде соңғы науқастар қажетті ем-домдарын алуда және жақын күндері үйлеріне шығарылады деп күтілуде. Жалпы алғанда жағдай тұрақтанды. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Карантин талаптарын сақтаудың, ортақ тәртіпке бағынудың маңыздылығы зор. Жиын-тойды кейінге қалдырып, адамдардың көп шоғырлануына жол бермеу керек. Өйткені, індетке шалдыққандар толық жазылған жоқ. Сондықтан маскалық режимді сақтап, қауіпсіздікке аса мән берген жөн, – дейді басқарма басшысы.
«ТТ» ақпарат