Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс халқына Үндеу жолдады

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс халқына Үндеу жолдады

Құрметті қызылордалықтар!

«Nur Otan» партияcымен Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық масштабта праймериз өткізілуде.

Партияішілік іріктеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісіндегі және барлық дең­гейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көш­бас­шы­ларды анықтау. Бұл үшін нұротандықтар қоғамның сеніміне ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері таңдайтын болады.

Өкінішке орай, праймериз коронавирус пандемиясы кезеңімен сәйкес келді. Сондықтан ҚР Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы, «Nur Otan» партияcының Төрағасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың тапсырмасына орай партияның барлық күші коронавируспен күрес жағ­дайында қолдауға мұқтаж қазақ­стандықтарға көмекті ұйымдастыруға ба­ғытталып, праймериз жағдай­дың тұрақ­талғанына дейін кейінге қалдырылды.

Осыған орай партияішілік іріктеуге арналған шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткізу тапсырылды. Қазіргі таңдағы жаңа цифрлық мүм­кіндіктерді халықтың қарқынды қолдануын ескерсек, онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуге де мүмкіндік береді.

Праймериздің бұл бас­ты ерекшелігі – партия бас­шы­лығының халықтың ден­саулығын қорғауға бағытталған шараларының жалғасы.
«Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып отырған праймериз заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік не­гізде өткізіліп, халықтың өзек­ті мәселелерін білетін және оларды шешуге қабілетті нағыз көшбасшыларды анықтайтын болады.

Мұнан бөлек, праймериз партияға қатыстылығына қа­ра­мастан, үміткерлердің бар­лы­ғына бірдей қоғамның мүд­делерін білдіруге мүмкіндік береді. Түрлі әлеуметтік топтар, әсіресе әйелдер мен жастар үшін бірдей мүмкіндіктер ұсынылған. Жалпы, праймериз өткізу қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды үдемелі демократияландыру проце­сінің айғағы болып табылады.

Барлық шынайы патриот­тарды, бастамашыл және жауапкершілігі мол отандастарды аймақ пен елді қарқынды дамыту мен өркендету мақсатында праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!

18 тамыз 2020 ж. 364 0