Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы: Қажетсіз іс-шараларға қаражат шығындауды тоқтату керек

Мемлекет басшысы: Қажетсіз іс-шараларға қаражат шығындауды тоқтату керек

Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі жиында президент Тоқаев жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту керектігін айтты, – деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

“Пандемия кезеңінде және мемлекет пен азаматтарымыздың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек.

Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі.

Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз.

Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз.

Сондықтан, мұндай мәселелерге болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды”, – деді Мемлекет басшысы.
19 тамыз 2020 ж. 243 0